22 Қырқ 2020
Материал №16 Ж.Каражигитов

Мектеп туралы

Адам өмірінің маңызды кезеңі мектептен басталады. Мектеп – алтын ұя. Білім нәрімен сусындатып, үлкен өмірге қанаттандырған білім шаңырақтары Атырау қаласында аз емес. Солардың бірі 1984 жылы қыркүйек айында бой көтерген №16 орта мектеп. Мектепті сол жылы алғаш реет ашқан Равиль Чердабаев.

Мектеп директорлары

 1984-1985 жж. УмбеталиевАмангелдіГумарович

 1985-1987 жж. Нигай Анна Алексеевна

 1987-1989 жж. ҚайненовҚилымгалиКайненович

 1989-1991 жж. Дониленко Людмила Егоровна

 1991-1998 жж. Разумова Светлана Александровна

 1998-1999 жж. Алибаева Софья Гинаятовна

 1999-2000 жж. ЖаулыБөкенМыңбайұлы

 2000-2013 жж. Исмагулова Светлана Мутиевна

 2013-2017 жж. Қаңтар айыХамитова Тамара Жалеловна

 2017 ж. қаңтар айының ортасынан бастап директордың міндетін атқарушыУрынтаева Рая Мадениетовна

2017- 2020жж.  Шибалаева Айгуль Калиевна2020 ж ақпан айынан бастап 2021 ж қаңтар айына дейін директордың міндетін атқарушы Аминова Даметкен Чуйшовна2021 ж қаңтар айынан,наурыз айына дейін директордың міндетін атқарушы Кобдаганова Алтынгуль Сагидоллаевна2021 ж 5 наурыздан бастап Абдолов Алмабек Дюсенбаевич

Жаңа мыңжылдыққа жаңа есіммен 2000 жылдың 20 қазанында №16 орта мектеп ҚРүкіметінің №1576 қаулысымен облысқа белгілі ардақты ұстаз білім беру саласының құрметті ардагері, математик ЖапақҚаражігітовтың есімі берілді.

№16 Ж.Қаражігітов атындағы орта мектеп өз тарихында талай сындарлы сәттерге, өзгерістер мен жаңашылдықтар алдында төтеп берген оқу орны. Мәселен 2002 жылдың  қараша айында №16 мектеп жанынан құрылған гимназия №30 жаңа орта мектептің ашылуына байланысты бірқатар жаңа мұғалімдер мен тамаша оқушыларынан ажыраған болатын.  Соған қарамастан №16 мектеп жаңа кадрлармен толығып қайтадан қуат алды.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- демекші әр мектептің жүрегі оның ұстазы.  Ұлағатты ұстаздық қылып, бүкіл санаулы ғұмырын осы мектепке арнаған ардақты еңбек ардагерлері №16 мектепте аз емес. Солардың бірі – Смыслов Александр Александрович.

Ольга Юрьевна Борисова, Наталья Павловна Червячева, Томачкова Нина Ивановна, Урынтаева Рая Мадениетовна – бұлар өмірінің санаулы ғұмырын мектепке арнап адал еңбек еткен қадірлі ұстаздардың бірі.  Бүгін де бейнетінің зейнетін көріп, Наталья Павловна Червячева, Урынтаева Рая Мадениетовна әлі де шәкірт тәрбиелеуде.

Мектеп өзінің 30 жылдық тарихында ғасырға татитын жетістіктерге жетті десек артық айтқандық емес. Оның табысын арттыру мақсатында 2012 жылдың 30 мамырында №16 Ж.Қаражігітов атындағы орта мектебі Назарбаев Зияткерлікмектебі іс-тәжірибесін тарататын  мектеп болып бекітілді. Қаладағы осы үлгілі мектептер қатарына алынған орта мектеп  өзінің мерей тойы қарсаңында көп жылдық тәжірибесі мен жетістіктері үшін мойындалып, Атырау қаласы әкімшілігінің 2014 жылдың 4 қыркүйектегі №1038 қаулысымен №16 орта мектеп «Атырау қалалық білім бөлімінің №16 Жапақ Қаражігітов атындағы мектеп-лицейі» атағын алды. Бұл өзкезегінде мектептің жаңа қырынан танылуына, дамуына қосқан жаңа тамаша мүмкіндік. 

Қаражігітов Жапақ Есқабылұлы

 

Қаражігітов Жапақ Есқабылұлы 1917 жылы 20 желтоқсанда Орал облысының Қаратөбе ауданындағы Батпақкөл ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 13 жасында бухгалтердің көмекшісі болып бастаған. 1934-1936 жылдары Гурьев мұнайкен техникумында оқыды және сонымен бір мезгілде Петровский атындағы зауыттың жұмысшыларына арналған сауатсыздықты жою курсында дәріс берді. 1938 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал мемлекеттік мұғалімдер институтын бітірді. Әр жылдары Есбол ауданы мен Гурьев қаласындағы мектептерде математика пәнінің мұғалімі болып жұмыс жасады. Жапақ Есқабылұлы 1942 жылы елге жеңіспен оралды. Ұлы Отан соғысы жылдарында ол сталинград түбінде шайқасып, Украина мен Беларуссияны азат етуге қатысты, сөйтіп, Берлинге дейін жетті. Отан соғысы орденінің 2 дәрежесімен және медальдармен марапатталған. Өз мамандығын жан-тәнімен сүйген адам ғана оған ұзақ үзілістен кейінде қайтып орала алады. Соғысқа дейін Еркінқала және Кеңөзек мектептерінде оқу ісінің меңгерушісі болған Жапақ Есқабылұлы соғыстан кейін педагогика училищесінде математика мен физикадан дәріс берді, 20 жылдай облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институтында математика кабинетінің меңгерушісі болып жұмыс жасады. Білім беру саласындағы кіршіксіз қызметі үшін Жапақ Есқабылұлы Қаражігітов «Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен, бірнеше грамоталармен және медальдармен марапатталған.