05 Қырқ 2020
Материал №16 Ж.Каражигитов

Мектеп туралы

Адам өмірінің маңызды кезеңі мектептен басталады. Мектеп – алтын ұя. Білім нәрімен сусындатып, үлкен өмірге қанаттандырған білім шаңырақтары Атырау қаласында аз емес. Солардың бірі - 1984 жылы қыркүйек айында бой көтерген №16 орта мектеп. Мектепті сол жылы алғаш рет ашқан Равиль Чердабаев.

 Мектеп директорлары:

 1984-1985 жж. Умбеталиев Амангелді Гумарович

 1985-1987 жж. Нигай Анна Алексеевна

  1987-1989 жж. Қайненов Қилымгали Кайненович

 1989-1991 жж. Дониленко Людмила Егоровна

  1991-1998 жж. Разумова Светлана Александровна

 1998-1999 жж. Алибаева Софья Гинаятовна

  1999-2000 жж. Жаулы Бөкен Мыңбайұлы

 2000-2013 жж. Исмагулова Светлана Мутиевна

 2013-2017 жж. Хамитова Тамара Жалеловна

2017 ж. директордың міндетін атқарушы Урынтаева Рая Мадениетқызы

2017- 2020жж. Шибалаева Айгуль Калиевна

2020 – 2021жж. директордың міндетін атқарушы Аминова Даметкен Чуйшовна

2021 ж қаңтар айынан наурыз айына дейін директордың міндетін атқарушы Кобдаганова Алтынгуль Сагидоллаевна

2021 ж наурыз - тамыз айларында Абдолов Алмабек Дүйсенбайұлы мектеп директоры болды

2021 ж 3 тамызынан бастап директордың міндетін атқарушы Қыстаубаева Рауля Бекболатқызы

Жаңа мыңжылдыққа жаңа есіммен 2000 жылдың 20 қазанында №16 орта мектеп ҚР Үкіметінің №1576 қаулысымен облысқа белгілі ардақты ұстаз білім беру саласының құрметті ардагері, математик Жапақ Қаражігітовтің есімі берілді. №16 Ж.Қаражігітов атындағы орта мектеп өз тарихында талай сындарлы сәттерге, өзгерістер мен жаңашылдықтар алдында төтеп берген оқу орны. Мәселен, 2002 жылдың қараша айында №16 мектеп жанынан құрылған гимназия №30 жаңа орта мектептің ашылуына байланысты бірқатар жаңа мұғалімдер мен тамаша оқушыларынан ажыраған болатын. Соған қарамастан №16 мектеп жаңа кадрлармен толығып қайтадан қуат алды.

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»,- демекші әр мектептің жүрегі оның ұстазы. Ұлағатты ұстаздық қылып, бүкіл санаулы ғұмырын осы мектепке арнаған ардақты еңбек ардагерлері №16 мектепте аз емес. Солардың бірі – Смыслов Александр Александрович.

Ольга Юрьевна Борисова, Наталья Павловна Червячева, Томачкова Нина Ивановна, Урынтаева Рая Мадениетовна – бұлар өмірінің санаулы ғұмырын мектепке арнап адал еңбек еткен қадірлі ұстаздардың бірі. Бүгін де бейнетінің зейнетін көріп, Наталья Павловна Червячева, Урынтаева Рая Мадениетовна әлі де шәкірт тәрбиелеуде.

Мектеп өзінің 30 жылдық тарихында ғасырға татитын жетістіктерге жетті десек артық айтқандық емес. Оның табысын арттыру мақсатында 2012 жылдың 30 мамырында №16 Ж.Қаражігітов атындағы орта мектебі Назарбаев Зияткерлік мектебі іс-тәжірибесін тарататын мектеп болып бекітілді. Қаладағы осы үлгілі мектептер қатарына алынған орта мектеп өзінің мерей тойы қарсаңында көп жылдық тәжірибесі мен жетістіктері үшін мойындалып, Атырау қаласы әкімшілігінің 2014 жылдың 4 қыркүйектегі №1038 қаулысымен №16 орта мектеп «Атырау қалалық білім бөлімінің №16 Жапақ Қаражігітов атындағы мектеп-лицейі» атағын алды. Бұл өз кезегінде мектептің жаңа қырынан танылуына, дамуына қосқан жаңа тамаша мүмкіндік.